Қазақстанда ажырасу қымбатқа түсуі мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Мәжілісмен бойдақтарға салық салу дұрыс емес деп отыр

Фото: pixabay

Бұл бастаманы Мәжіліс депутаттары көтеріп отыр, хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі таңда некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығы 0,3 АЕК деп белгіленген.

Тілшілер спикерден "Ажырасу бойынша енгізілгелі жатқан баж салығының көлемі қандай болуы керек деп ойлайсыз?" деп сұрады.

"Ұсыныс бойынша 20 АЕК (78 640 теңге). Бұл (ажырасуларды) азайтуға себеп болады деп ойлаймыз. Бұл менің ұсынысым емес, басқа депутаттардікі", - деді депутат Берік Бейсенғалиев.

Мәжілісмен бойдақтарға салық салу дұрыс емес деп отыр.

"Әр адамның өз пікірі бар. Бірақ бұл артықтау деп ойлаймын", - деді Бейсенғалиев.