Астанада жолдар жабылады, әскери техника кіргізіледі

Nur-Altay Umirzak

10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қалада жаттығу өтеді

Сурет: newtimes.kz

2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында Астанада жолдар жабылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады .

“2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі. Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған. Осыған байланысты "Ақжол", "Қарашығанақ" , "Бұйрат" көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынылады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің дерегінше, жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі деп отыр.