Жеңіс күнінің 80 жылдығы: Қостанай облысында «Менің жеңіс тарихым» онлайн флешмобы басталады

Qaz365.kz редакциясы

Акцияға қатысу оңай

Фото: pixabay

Бүгін Қостанай облысында «Менің жеңіс тарихым» онлайн флешмобы басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтарды аталған акцияға белсенді ат салысып, Батыр аталардың өмірі, жеңіс жолындағы шайқастарын, тылдағы ерен еңбегі сияқты тарихи сәттері және ғибратты оқиғаларын бөлісуге шақырады.

«Жеңіс күнінің туын желбіреткен туыстарымыз, жақындарымыз, отбасы мүшелерін еске алайық», – деп шақырады ұйымдастырушылар.

Акцияға қатысу оңай – тек видео түсіріп, мәтін жазып, соғысқа қатысқан туыстарыңыздың фотосуреті мен соғыс жылдарындағы отбасылық мұрағат суреттерін #МояИсторияПобеды, #80летПобеды, #МеніңЖеңісТарихым, #Жеңіске80Жыл хэштегпен әлеуметтік желідегі парақшаңызға орналастырсаңыз болды.

Айта кетейік, биыл Жеңіс күнінің 80 жылдығы аталып өтіледі. Бұл – халықтың өлшеусіз ерлігі мен бірлігін, батылдығы мен жаугештіліктерін ұлықтайтын сәт, деді ұйымдастырушылар.