Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

Qaz365.kz редакциясы

Облыста жастардың бастамалары да сәтті жүзеге асырылуда

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыс барысында республикалық сессияға қатысатын ШҚО делегациясының құрамы мен өңірлік деңгейде өтетін мерейтойлық іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі атап өткендей, бүгінде Шығыс Қазақстан — бастамалары мен идеялары бүкіл ел бойынша сәтті жүзеге асып жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, алғаш рет Достық үйі — қоғамдық келісім орталығы Өскемен қаласында ашылған болатын. Бұл бастама кейін басқа өңірлерге де үлгі болды.

– Достық үйі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отыр. ҚХА жұмысына жастардың көптеп тартылуы, олардың мәдени, экологиялық және шығармашылық идеяларды насихаттаудағы белсенділігі қуантады. Мұндай шығармашылық дәстүрлі тәсілдермен ұштасқанда оң нәтижелер береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдің жетістіктері қатарында ашық аспан астындағы бірегей музей — этноауылды да атап өтуге болады. Бұл нысан сол жағалаудағы кешеннің жауһарына айналып, өңір шегінен тыс жерлерге де танымал болды.

ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қызметі ерекше назар аударуға тұрарлық. Дәл осы өңіріміздің тәжірибесі Республиканың түкпір-түкпірінде осындай құрылымдарды құрудың негізіне айналды.

Бұл жұмысқа жастар белсенді түрде тартылуда. Бүгінде өңірде Жас ғалымдар клубы жұмыс істейді.

- Бірден-бір жарқын оқиғаға Үлкен Ассамблея Студенттік Ойындары жатады, оның аясында тек спорттық жарыстар ғана емес, сондай-ақ интеллектуалды байқаулар, оның ішінде этно-квиз және біздің бірегей әзірлемеміз – «Этно Гейм» ойыны өтті, ол ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді терең түсінуге бағытталған, - деді ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының орынбасары, ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысының жетекшісі Равиль Юнусов.

Облыста жастардың бастамалары да сәтті жүзеге асырылуда. Солардың бірі ҚХА жастар және балалар театры болды. Биыл ҚХА мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Астана қаласында, Павлодар, Абай облыстарында театрға гастрольдік сапарлар жоспарланған. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен жастарды біріктіретін "Ассамблея жастары" лагерін жыл сайын өткізу аймақ үшін маңызды болды.

Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық бастамалары мен жобалары ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.