Сарыағашта даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маманға қатысты қылмыс іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Полицияға осы факт бойынша ешкім арыз-шағым түсірмегені анықталды

polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш қаласындағы даун синдромы бар баланың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Оқиғаға қатысушылар полицияға жеткізіліп, оның ішінде заңды өкілдерінің қатысуымен жауаптар алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ бұған дейін полицияға осы факт бойынша ешкім арыз-шағым түсірмегені анықталды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – дейді Qaz365.kz сауалына жауап берген құзырлы мекеме.

Бұған дейін «Әділ кәсіподақ» Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы баланы ұрған азамат туралы хабарлаған еді.