Қазақстаннда некеге тұрған қыздардың 41%-ның жоғары білімі бар. Ал ер азаматтарда бұл көрсеткіш төмен

Nur-Altay Umirzak

Ай бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген

Сурет: Pixabay.com

Қазақстандықтар қай айда, қай өңірде жиі некеге тұратыны белгілі болды,

Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы ресми статистиканы жариялап, мәлімдеді. Мәселен өткен 2024-жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13.

Некенің ең жоғары коэффициенті:

  • Астана – 7,34;
  • Алматы облысы – 6,98;
  • Ұлытау облысы – 6,70;
  • Ең азы –  Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 коэффициентті құрады.

Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы, қиылған некенің 18,2% – аралас неке. Некеге тұрған жас жұбайлардың:

  • қыздарда 41% жоғары білімі болған,
  • ал ерлердің 38% ЖОО-да оқыған.

Ай бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда – 8453 неке.