Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеу қалай өтетіні белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Тестілеу үш бөлімнен тұрады

Фото: pexels

17-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініш қабылдау басталады, ал тестілеу 30 сәуірге белгіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тестілеуге Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады.

Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады:

  • ️тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9;
  • ️Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15. 

Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60.

Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі толық ақпарат testcenter.kz сайтында "Азаматтық алуға үміткерлерге" бөлімінде жазылып тұрғанын мәлім етті.

С️ондай-ақ дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында "Азаматтық алуға үміткерлерге" бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында "Байқау сынағы" бөлімінде - 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылғаные еске салып өтті.