Рим Папасы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 88 жасында өмірден өтті

Фото: Buda Mendes / Getty Images

Рим Папасы Франциск ұзақ дерттен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.

«Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды», - делінген ресми хабарламада.

Reuters агенттігінің мәліметінше, 12 жылдық қызметінде ол түрлі дерттерді басынан өткерді.