Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ-тың "Батыл әйел" халықаралық сыйлығын алды

Qaz365.kz редакциясы

Оған бұл сыйлық құқық қорғау саласындағы көпжылдық еңбегі үшін берілді

Facebook / Бахытжан Торегожина

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ-тың "Батыл әйел" халықаралық сыйлығын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған бұл сыйлық құқық қорғау саласындағы көпжылдық еңбегі үшін, Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар мен қатысқандарды құжаттау бойынша атқарған еңбегі үшін берілді.

“Қайғылы оқиғаның алғашқы күнінен бастап бүгінге дейін тарих пен ұрпақ үшін жұмыс атқарып келе жатқан әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Куәгерлер мен жәбірленушілермен жүздеген сұхбаттар жазылып, атыс-шабыстың мыңдаған құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдары жинақталды. Біз бұл жұмысты болашақта ешкім тарихты манипуляцияламауы және осы қорқынышты күндерде кім болғанын халық жадында сақтауы үшін жасадық”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бұған дейін бұл марапат қазақтың тағы екі қызы - адвокат Айман Омарова мен Қытайдың саяси лагерін іштен көрген куәгер Сайрагүл Сауытбайға берілген.