Сурет көпшіліктің наразылығын тудырған
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап суретке түсіп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"КТК" арнасы мәліметінше, ол суретті әлеуметтік желілерде жариялаған, бұл көпшіліктің наразылығын тудырған.
"Халық билік өкілі мемлекет қорғайтын гүлдерді неге жұлғанын түсіндіруді талап еткен. Шенеуніктің өзі қызғалдақтарды табиғатта демалып жүрген кезде қызы бергенін және айналасында оларды жұлып алуға болмайтыны туралы ешқандай белгі болмағанын айтқан", - деп жазылған материалда.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, әкім гүлдерді өзі жұлғаны туралы тікелей дәлел жоқ.
"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз", - деп түсіндірді полиция.