Көпбалалы аналар 8 наурызға орай қаржылай көмек алады

Qaz365.kz редакциясы

Төлем қалай жасалады?

Баласын құшақтап тұрған ана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорданың 30 мыңға жуық көпбалалы ана, сондай-ақ аз қамтылған тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлемді алады деп хабарлайды Qaz365.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы мәслихатының шешімімен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 30 мыңға жуық көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған азаматтарға 2,5 АЕК (8625 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Төлем “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы, “Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығы”  АҚ Астана қаласы бойынша филиалының тізімдері негізінде жүзеге асырылатыны хабарланды.