«Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетті
Қазақстанда маусымның басынан бастап тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны іске қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
“1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді”, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
- №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
- №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
- №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
- №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
- №47/48 «Атырау – Астана»;
- №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
- №4/3 «Астана – Алматы»;
- №71/72 «Астана – Шымкент»;
- №354/353 «Астана – Семей»;
- №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
- №25/26 «Алматы – Шымкент»;
- №614/613 «Орал – Маңғыстау».
Айта кетерлігі, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.