Тамақ жетіспейді: БҚО-да 1 250 оқушыны аспен қамту керек болған мердігердің ісі анықталды

Nur-Altay Umirzak

Мердігер ол үшін 72 млн теңге мемлекет қаржысын конкурстан жеңіп алған

Сурет: Хабар 24

 

БҚО-да мектеп асханасындағы ас мәзірі талапқа сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

“Батыс Қазақстан облысында прокуратура мектеп асханасында ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Атап айтқанда, Сырым ауданындағы білім ұяларында оқушыларға берілетін тамақ көлемі жетіспеген. Аудандық білім бөлімі 72 млн теңгеге 9 конкурс жариялаған. Кәсіпкерлер 1-4 сыныпта оқитын 1 250 баланы ас-ауқатпен қамту керек болған. Алайда қолданыстағы ереже талаптары өрескел бұзылған”, – делінген прокуратура хабарламасында.