Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысында сотталушы Дархан Әскентайдың тағы бір сыныптасы куәлік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол – Талғар ауданы полиция басқармасының рота патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын.
Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына бардым. Бұрылыста бір топ адаммен сөйлестім. Басында жердегі қанды көрдім. Адамдар бір бала пышақталған, оны әкесі емханаға алып кетті деді. Бәрін кезекші бөлімге хабарладым. Кейін күдікті автокөліктерді тауып, кезекшіге хабарластық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесім екеуіміз ұстадық. Ол «иә, мен Менделеев көшесінде болдым, төбелеске қатысым бар» деді. Бұл жігіт – Дархан Әскентай (сотталушы) болып шықты. Дархан сыныптасым болса да бірден танымадым, себебі көзі ісіп кеткен, оның үстіне қараңғы болды. Ішімдіктің иісі сезілді, - дейді Жәнібек Әмірақын.
Куәлік беруші – 1993 жылы туған. Ол 2014 жылдан бері ішкі істер органдарының қызметкері.