Жамбыл облысында ЖИ арқылы тұңғыш қазақ ертегісі жасалды

Qaz365.kz редакциясы

ЖИ арқылы тұңғыш қазақ ертегісі 

"JAMBYL " телеарнасы кішкентай көрермендері үшін ертегілер әзірлеуді  қолға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қиял мен технологияның тоғысқан ғажайып сәті!

Бүгін біз алғаш рет Жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған анимациялық қазақ ертегісін ұсынамыз.

Кішкентай тышқан мен алып арыстанның достығы туралы бұл хикая –кішкентай  көрермендеріміз үшін тамаша тарту.
Әрбір кадр – шығармашылық пен интеллекттің үндесуі. Әрбір көрініс – үміт пен сенімнің бейнесі”, – деп жазылған телеарна хабарламасында.