Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі бойынша сот жалғасып жатыр. 29 сәуірдегі кезекті сот отырысынан кейін марқұмның адовакаттарының көліктеріне зиян келтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот отырысынан шықтық. Бұл бізге жасалып жатқан қастандық па әлде кездейсоқтық па құдай білсін. Дөңгелектегі екі болтымызды шешіп алыпты. Жол жүргенде байқамасақ, қауіпті болар еді», - дейді адвокаттар.
Айта кетейік, Шерзаттың ісімен Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов бастаған адвокаттар айналысып жатыр.
Шерзат Болат ісі бойынша сот процессі ҚР Жоғары соттың «Youtube» арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.
Еске салайық, Шерзат ісіне қатысты сотталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Істе 62 том бар. 200-ге жуық куәгер тартылған, 40 сот сараптамасы жүргізілген. 11 күдікті бар.