Шерзат ісі: «Ат!» деген сөзді кім айтты? Куәгер жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Куәгер ретінде сөз сөйлеген Наргиз Низаметдинова жанжал кезінде «ат» деген сөзді естігенін мәлімдеді.

видеодан скриншот

Сотта Қаржаубай тарапынан қойылған «сол сөзді айтқан адамды сот залынан көрсете аласыз ба?» деген сұраққа Низаметдинова бұл адамның кім екенін нақты танымайтынын айтты. Алайда оның айтуынша, бұл бұйрықты денелі ер адам айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

— Жоқ, қазір көрсете алмаймын. Ол денелі адам болды. Мен Шерзаттың анасын тек дүкен сатушысы ретінде ғана танимын. Оны тек дүкенге барып, зат сатып алғанда ғана көретінмін, — деді куә.

Сот процесі әлі жалғасып жатыр.