Елімізде II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері 39 588 адам
Елімізде көзі тірі қанша II дүниежүзілік соғыс ардагері бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде:
- II дүниежүзілік соғыс ардагері - 111;
- жеңілдіктер бойынша II дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагер - 16 796;
- басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері - 26 553;
- II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 39 588.
2024 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсатта 17 млрд теңге қарастырылған.