Жетісу облысы Қаратал ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 19 әлеуметтік-мәдени нысан қолжетімсіз
Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың мүдделерін қорғау барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.
“Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы 19 әлеуметтік-мәдени нысанды визуалды қарау барысында оларға қосымша қолдауды қажет ететін адамдардың қолжетімділігінің жоқтығын анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша пандустарды жөндеу мен салуға, тактильді жолақтарды орнатуға, көмекке шақыру түймелерін орнатуға бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Аталған заң бұзушылықтар үшін нысанның төрт баланс ұстаушыларына ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі (мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу) бойынша 390 000 теңгеден астам айыппұл салынды.
Ескерер жайт, ауданның 78 тұрғыныны нысандарға арнайы бейімделген инфрақұрылым арқылы қол жеткізуді қажет етеді.