Қазақстандықтардың орташа жалақысы өзгерді

Qaz365.kz редакциясы

Медиана жалақысы барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі

Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросының бірінші тоқсандағы қазақстандықтардың орташа жалақысын жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бюро дерегінше, қаңтар мен наурыз аралығындағы жалақының медианалық мәні 300 307 теңге болған.

Жалақының медианалық мәні – 300 307 теңге, атаулы жалақының орташа мәні – 423 133 теңге. 2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды, –  делінген мәліметте.  

Анықтама:

Медиана жалақысы – барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, «орташа» адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді.

Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі, –  түсіндірді бюро.