Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл - 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей. 

Pixabay.com

2025 жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында елде 77,3 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш – 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей.

Туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық өңірінде байқалды. Антирекорд Ақмола облысында (-22%) және Жетісу облысында (-20,1%) тіркелді.

Жалпы туу коэффициенті (әр 1 мың адамға шаққанда) де төмендеді – 15,39, бұл -2,94 көрсеткішке азайғанын білдіреді.

Қайтыс болғандар саны да аздап қысқарып, 31 мың адамды құрады (7,2%-ға төмендеген). Алайда табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) да 20,7%-ға азайып, 46,3 мың адам болды.