Демалыс күні берілетін тағы бір мемлекеттік мереке пайда болуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, үкімет тиісті қаулы шығаруы қажет.

Президенттің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Сейітжан Кенжегұл премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында демалыс күндерін алдын ала — екі жыл бұрын бекіту қажеттігін ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Оның айтуынша, үкімет тиісті қаулы шығаруы қажет. Сонда Балаларды қорғау күні мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосылады.

Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрам ретінде бекіту туралы қаулы шығаруыңызды сұраймыз. Бұл бірнеше жақсылыққа әкеледі. Біріншіден, бұл - Балаларды қорғау күні. Екіншіден, отбасылық мейрамға айналады және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтады, - деді Сейітжан.

Оның айтуынша, осы шараның арқасында отбасы институтын күшейтуге болады. Ал ата-аналар балаларымен көбірек уақыт өткізе алады. Сондай-ақ, фракция депутаты мемлекеттік мейрамдарға қатысты демалыс күндерін ауыстыру шешімін екі апта немесе бір жарым ай бұрын емес, кем дегенде екі жыл бұрын қабылдау қажеттігін жеткізді.

Ондай қаулылар екі жыл бұрын шығарылуы қажет. Сонда, біріншіден, кәсіпорындар бизнес процестерін алдын ала жоспарлай алады. Екіншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтар өзінің демалыстарын, отбасылық мейрамдарын ертерек жоспарлайды, - деп атап көрсетті депутат.

Қазақстан халық партиясының фракциясы үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселелерді қарастыруды сұрады.