«Нұрымов пышақ сермеді». Сотталушы Шерзаттың әкесіне қатысты тың дерек айтты

Qaz365.kz редакциясы

Видеода дүкендегі жағдай көрсетілген. 

Видеодан алынған кадр

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында оқиға басталған жер – «Қамажай» дүкеніндегі бейнебақылау жазбалары көрсетілді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Көрсетілген видеода оқиға 00:33 шамасында тіркелген. Сол уақытта марқұм Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев дүкенге келгені байқалады. Ал дүкен сыртында тұрған Дархан Әскентай өзінің танысы Нұрболға қоңырау шалып, оны алып кетуін өтінеді. Сағат 00:42-де Нұрбол Тоқтаубаев дүкенге келеді.

Осы сәттерге қатысты сот отырысында қорғаушы тарап судьяға арнайы ескерту жасады:

Құрметті сот, Қаржаубай Нұрымовтың қолындағы затқа назар аударуларыңызды сұраймыз, – деді қорғаушы.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары Қаржаубай Нұрымовтың қолында пышақ болғанын өзі де жоққа шығармағанын атап өтті. Ал куәгер Дархан Әскентай сотта берген жауабында Нұрымовтың пышақты көрсетіп, оны сермегенін нақты айтты.