Назым Қаһарман Бишімбаевқа қарсы Жоғарғы сотқа шағымданды

Qaz365.kz редакциясы

Сот процесі әлі басталмаған. 

Жоғарғы сот//YouTube

Назым Қаһарман кісі өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызын Жоғарғы сотқа жолдады. Бұл ақпаратты Informburo.kz-ке Назым Қахарманның өзі растады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Іс бойынша сот процесі әлі басталмаған.

Қаһарман сонымен қатар бұрынғы күйеуімен арадағы алимент мәселесіне де түсініктеме берді. 2024 жылдың сәуірінде Бишімбаев өзінің табыс көзі жоқ екенін айтып, алимент төлеу туралы келісімді бұзғысы келетінін мәлімдеген болатын.

Бишімбаевтар тарапы төлем көлемін азайту мақсатында алимент келісімшартын қайта қарау туралы өтініш берді. Себебі оның табысы жоқ деген уәж айтылған. Қазір бұл соттың қарауында. Біз, әрине, келіспейміз, – деді Назым Қаһарман.

Айта кетейік, 2024 жылғы қыркүйекте сот Қаһарманның осыған ұқсас талабын қанағаттандырмаған. Қарашада апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды. Сондай-ақ Қаһарман балалардың тегін өзгертуді сұрағанымен, бұл өтініші де сотта қабылданбады.