КТК қазақша жаңалықтарының уақытын қысқартты

Qaz365.kz редакциясы

Жалпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр.

Соңғы кездері мемлекеттік тілде таратылатын ақпараттардың саны мен уақыты қысқарып жатыр. Отандық мас медиада өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан КТК арнасы да қазақша жаңалықтардың уақытын азайтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұрын 19:30-дан 20:00-ға дейін болса, енді эфирге бар-жоғы 15 минут ғана шықпақ. Яғни 20:40-тан 20:55 аралығында кешкі қазақша жаңалықтар көрсетіледі. Есесіне, орысша жаңалықтар 40 минутқа дейін көбейген. Сағат 21:00-ден басталып, 21:40-қа дейін жалғасады.

Жалпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр. Мысалы, жақын күндері Qazcontent АҚ қарасты BAQ.KZ пен BaigeNews.kz сайттары өзара бірікпекші. Жастарға арналған Massaget порталының да штаты қысқарды. «Еларна» телеарнасы да мамыр айынан бастап хабар таратуын тоқтатты. Қарағандыдағы жергілікті арналардың бірі де қазақша бөлімін жауып үлгерген.