«1 млрд жымқырды». Қожапағановпен бірге айыпталып жатқан пиар маманы кім?

Qaz365.kz редакциясы

Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләззат Көккөзованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жақында бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ісіне байланысты сот отырысында SUCCESS K ірі ивент-агенттігінің басшысы Ляззат Көккөзова жарыссөзде соңғы сөзін айтты. Енді осы іске қатысты 19 мамырда үкім шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Ерлан Қожағапановпен бірге 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлауынша, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасаған кезде форумды өткізу үшін жасалған сметада бағаны екі есе өсіріп көрсеткен. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкелген.

5 мамыр күні өткен сот отырсында іс бойынша прокурор Арман Кизікен бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталып отыр.

Прокурор сондай-ақ бір миллиард теңгеден астам сомаға қатысты азаматтық талапты ішінара қанағаттандыруды және айыпталушылардың мүлкіне салынған тыйымды күшінде қалдыруды ұсынды.

Қылмыстық іс бойынша сот процесі 2024 жылдың 25 желтоқсанында басталған.