Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан

Танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек жүргізген іс-шарада құны миллионнан бастап 50 миллионға дейін тұратын талондар сатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Ғалымжан Құрманбек миллиондаған теңгеге талондарды саудалап жатыр. Оның «Жәннатқа асығайық! Жәннатқа таласыңдар! Алла разы болсын!» деп шарада құны миллионнан басталатын талондар таратып жатқанын көруге болады. Видеода Құрманбек қолында тұрған талондарды көпшілікке ұсынып, оны сатып алуға шақырады. Жиналғандардың бірі қалтасынан 1 миллион теңгені қолма-қол шығарып, бірден сатып алғаны да көрініс тапты. 

«Жігіттердің қалтасында әшейін 1 млн теңге жүр ме? Базар жоқ. 10 млндық талоннан екеу кетті», – деп таңданысын жасырмады әзілкеш.