БАҚ Нұрлан Сабуровтың шетелдегі байлығын көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Стендапер жабық элиталық кентте тұрады, оның құны шамамен 115 миллион рубль (шамамен 731 миллион теңге) болады

©️ instagram.com/nurlan__saburov

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеу облысындағы сәнді коттедж бен жер телімінің иесі болып шықты. Стендапер жабық элиталық кентте тұрады, оның құны шамамен 115 миллион рубль (шамамен 731 миллион теңге) болады, деп хабарлайды  Qaz365.kz

SHOT телеграм арнасының мәліметіне сәйкес, шоумен Мәскеу облысындағы «Новорижский» тұрғын-үй кешенінен жер учаскесін сатып алып, ол жерге премиум-класстағы коттедж салдырған. Ол 1 285  шаршы метрден астам аумақты өз атына рәсімдеген. Жердің сатып алынған кездегі бағасы 12,2 миллион рубльге (шамамен 77,5 миллион теңгеден астам) бағаланған. Дереккөздің бағалауынша, учаскенің ішінде орналасқан заманауи коттедждің нарықтағы құны, шамамен 115 миллион рубльге (592 миллион теңге) тең. Үй Мәскеу облысының беделді ауданындағы қоршалған тұрғын үй кешенінде орналасқан. Сабуров сол жерде әйелі және үш баласымен тұрады. Олардың жеке күзеті бар. 

Сондай-ақ стендаперде екі автомобиль бар: 2018 жылғы SBR нөмірімен Mercedes «Гелендваген», оның бағасы - шамамен 20 миллион рубль (128 миллион теңге) және 2021 жылғы Cadillac Escalade, құны шамамен 11 миллион рубль (70 миллион теңге).

19 мамырда Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды. себебі 90 күнге рұқсат етілген мерзімінен асып кеткен.

Дегенмен Сабуров айыппұлмен құтылды, оған РФ-дан кетуге және көші-қон заңнамасының барлық ережелері бойынша қайтып келуге екі апта уақыт берілді.