Баланың бұл қылығы көпшілікті сүйсінткен
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында әкімнен ойын алаңын сұраған балақай көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы бейнені Ақшұқыр ауылдық мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі парақшасы жариялаған.
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Қуатұлы оқушылармен кездескен. Кездесу барысында ойын баласы әкімге тікелей өтініш жасаған.
“Әкім ағай, көшемізге ойын алаңын салып беріңізші”, – деді өтінішпен балақай.
Ал оған әкім:
“Көшең қандай? А, Есбосынов па?! Жақсы болады”, – деп күліп жауап берген.
Балақай мен әкім арасында осындай диалог болды. Әкім алдағы уақытта ауылда ойын алаңдары мен парк салынатынын айтты.