"Су жаңа үй". Тұрсын Алагөзов жұмысшыларына 52 шаршы метрден кем емес пәтер сыйлаған болып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Алагөзов сыйлаған пәтерлер Алматы Арена маңындағы су жаңа үйлерден берілгені видеода анық көрінеді.

Фото: Видеодан скриншот

 Жақында кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің қызметкерлеріне баспана сыйлағаны белгілі болған еді. Енді сол пәтерлердің орналасқан жері мен сипаттамасына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды  Qaz365.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Алагөзов сыйлаған пәтерлер Алматы Арена маңындағы су жаңа үйлерден берілгені видеода анық көрінеді. Жаңа үлгіде салынған бұл кешендер заманауи дизайнымен және кең әрі жайлы жоспарымен ерекшеленеді.

Бір бөлмелі пәтерлердің өзі – 52 шаршы метрден басталады. Кеңдігі ескі үйлердегі 2-3 бөлмелі баспаналармен теңесетін пәтерлердің ішкі көрінісі де талғаммен жасалған. Тұрғындар үшін барлық жайлы жағдай қарастырылған.

Дегенмен, көпшілікті мазалаған басты сұрақ – бұл пәтерлер расымен сыйлық па, әлде қандай да бір шартпен берілді ме? Желіде пәтер алғандардың бірі бұл күмәнді сейілтіп:

Алагөзов пәтерді бірден атымызға заңды түрде жаздырып берді. Ешқандай ипотека жоқ, – деп жазды.

Бұл мәлімдемені басқа қызметкерлердің туыстары да растап отыр. «Үйді шын мәнінде сыйға беріп, заңдастырып берді» деген пікірлер жиі айтылуда.

Тұрсын Алагөзовтің бұл қадамы желіде үлкен ықыласқа ие болды. Желі қолданушылары кәсіпкердің адамгершілігін, қызметкерлеріне деген қамқорлығын үлгі етіп, жылы лебіздерін білдіруде.