Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді
2025 жылғы 2 маусымнан бастап Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) мекенжайлары өзгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясының ресми телеграм парақшасы мәлімдеді.
- “Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
- Сонымен қатар, кезекші арнайы ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.
- Сенбі күндері өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.”, – делінген Азаматтарға арналған үкімет МК хабарламасында.
Ескерер жайт: Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс уақыты бір сағат ертерек басталып, ертерек аяқталады.
Өңірлер бойынша кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) мекенжайлары: