Заң бұзушылық өңірдегі Әлихан Бөкейхан ауданында орын алған
Қарағанды облысында заңсыз кешіктіріліп келген 40 жетім бала көптен күткен баспанасына ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының қабылдаған шаралардың нәтижесінде ғана мүмкін болған.
“Қарағандыда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала өз үйін тапты. Бұл тұрғын үй берудегі заң бұзушылықтарды анықтап, әділеттілікке қол жеткізген Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының араласуының арқасында мүмкін болды. Прокуратураның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар пәтер беруді қамтамасыз етті. Көптеген балалар үшін бұл жай ғана баспана кілті емес, бұл – қалыпты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі. Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала бермек”, – делінген прокуратура хабарламасында.