Ол бірнеше өңірде сезілген.
Түркияның Мәрмәр теңізі маңындағы Мугла қаласында магнитудасы 5.8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы TRT Haber телеарнасына сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша түнгі 2:17-де тіркеліп, оның ошағы Мармара қаласынан 10 шақырым қашықтықта, 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зілзала Мугла қаласында және оған шекаралас өңірлерде сезілген.
Бір адам екінші қабаттан үреймен секіріп кетіп, қаза тапты. Ұқсас жағдайдан 69 адам жарақат алды.
Жергілікті билік тарапынан цунами қаупі туралы ескерту жасалды.