Ол әдетте баласын түнгі уақытта үйден шығармайтынын жеткізді.
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасуда. Бүгінгі отырыста айыпталушылардың туыстарына – қорғаушы тарапқа сөз берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айыпталушылардың ішіндегі ең жасы, 11-сынып оқушысы Думан Ысқақтың анасы сотқа баласының сол түні үйден шығып кеткенін білмегенін айтты.
Біз тіпті Думанның үйден шыққанын да білмедік. Нұрбол келіп, Думанды алып кеткенін де естімегенбіз. Әдетте біз Думанды түнде көшеге жібермейміз. Нұрбол одан бір жерге апарып тастауды сұрап, кейін таксимен қайта жіберемін деп уәде берген. Нұрбол одан 10 жас үлкен болған соң, Думан көмектескісі келген. Біз мұның бәрінен бейхабар болдық. Өзім бұл туралы тек келесі күні ғана білдім, – деді әйел.
Сонымен қатар басты айыпталушы Абзал Шынасылдың анасы да қысқаша пікір білдіріп, тағылған айыппен келіспейтінін айтты.
Біз бұл жерде екі айдан бері жүрміз, бәрін естідік – ешқандай нақты дәлел жоқ. Адвокатымызды толық қолдаймын, – деді ол.