Астана, Алматы, Шымкент: Еліміз бойынша Құрбан айт намазының оқылатын уақыты белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні

Сурет: Kursiv.media/ Ахтам Зиперов

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызміті мәлімдеді.

“Құрбан айт – мейірім мерекесі. Зулхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген. Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.