Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.
Шілде айында Қазақстанда Астана күні тойланады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
5 шілде (сенбі) — демалыс күні;
6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
7 шілде (дүйсенбі) — ауыстырылған демалыс күні;
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
5 шілде (сенбі) — жұмыс күні;
6 шілде (жексенбі) — Астана күні;
7 шілде (дүйсенбі) — демалыс күні.