Астанада өртке оранған көпқабатты үй тұрғындары қонақ үйлерге орналастырылды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылған. 

facebook.com/jenis.qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Семь бочек» тұрғын үй кешеніндегі өрттің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала басшысының сөзінше, ТЖД және ПД бірлесіп жедел штаб құрған.

ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазды әкім.

Қасымбек сонымен қатар тұрғындар уақытша қонақ үйге орналастырылатынын алға тартты.

Астана қаласының әкімдігі қажет болған жағдайда тұрғындарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыруды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жан-жақты көмек көрсетіледі. Сондай-ақ зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады, - деді ол.

Айта кетейік, жалпы алаңы 250 шаршы метр болатын 6-16-қабаттың сыртқы жабынының және 14-қабаттың балконының оқшаулау бөлігі жанып кетті. 

Құтқарушылардың айтуынша, үйдің 100-ге жуық тұрғыны өз бетімен далаға шыққан. Ал төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 15 адам эвакуацияланған.