Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтуде

Nur-Altay Umirzak

Челендж Қарағанды, Түркістан облыстарында өтіп үлгерген

Сурет: Бейнеден кадр

Республикамызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Кезекті челлендж Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық бастама аясында өтті. Акция Қарағанды облысынан қабылданып, Шымкент қаласында прокуратура, әкімдік, полиция департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жалғасын тапты. Челлендж аясында отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен қауіпсіздікті насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті. Тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Іс-шара соңында челлендж символикалық түрде Қызылорда облысына табысталған. Бұл өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алудағы сабақтастықты көрсетпек.