Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті.
Соңғы кездері мемлекеттік тілде таратылатын ақпараттардың саны мен уақыты қысқарып жатқанын жазған едік. Соның ішінде КТК телеарнасының қазақша жаңалықтары азайып кеткені туралы әңгіме болған. Сол сыннан сабақ шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айта кетейік, бұрынғы уақыттары КТК арнасының қазақша жаңалықтары 20:40-дан 20:55 аралығында бес минут жарнамасымен 20 минут болаты. Есесіне, орысша жаңалықтар жарнамасыз 40 минут көрсетіледі. Осы мәселе Qaz365.kz жазбасынан кейін депутаттарға жетті. Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы былай деп жауап берді:
КТК жаңалықтарының уақыты қысқарғанын Бюджеттің орындалуы туралы есеп беруге келгенде. 1 аптада шешімін табуы керек ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министр Айзада Амангелдіқызына (Құрманова) ескерттім,- деген еді депутат.
Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті. Орысша жаңалықтарды 40 минуттан 25 минутқа дейін қысқартты.
Айта кетейік, далпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр. Мысалы, жақында Qazcontent АҚ қарасты BAQ.KZ пен BaigeNews.kz сайттары өзара біріктірді. Жастарға арналған Massaget порталының да штаты қысқарды. «Еларна» телеарнасы да мамыр айынан бастап хабар таратуын тоқтатты. Қарағандыдағы жергілікті арналардың бірі де қазақша бөлімін жауып үлгерген.