Елімізде түнгі экспресс-маршруттар іске қосылуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. 

t.me/KZgovernment

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе.

Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет, – деді министр. 

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Осы орайда бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттар іске қосу ұсынылады.