«Мама, тағы күйеубала керек пе?»: Қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйелдің видеосы желіде қызу талқыланды

Әдлет Нұран

Қалыңмал ретінде жігіт жағы 10 млн теңге берген

Сурет: Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде қыздың жасауын әкелген құдағилардың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Қызды жасауымен бірге әкелген жақ жігіт жақтың туыстарына үш пәтер жасау ретінде әкелгенін көрсеткен.

«Бір пәтер Шымкенттен, екіншісі Алматыдан, енді бір пәтер BI GROUP-тан», - дейді ол.

Сондай-ақ қыздың төркін жағы бір үйдің толық жасауының басында Mercedes көлігі де барын айтқан.

Ал қалыңмал ретінде жігіт жақ қыз жақтан келген құдаларға 10 млн теңге мөлшерінде қалыңмал берген. 

«Құда-құдағи, қалыңмалы бар, әке күші мен ана сүті, өлтірісі ретінде барлығы 10 млн теңге ақша береміз», – дейді жігіт жағы.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі «Осы әулеттің тағы басқа қызы бар ма екен, мама-ау?» деп әзіл-шыны аралас сөз жазса, тағы бірі «Үш пәтер сыйлаған қыз келін болар ма екен?» деп жазады. «Енді осындай байлығы бар қызға тұрмысқа шығып не керек?», «келін емес, квартира алған екен ғой» немесе «Келін полный духпен келеді десеңші» деп жазғандар да бар.