Киік мүйізін сатып сотталғандар бостандыққа шығады, бірақ келтірген шығынын төлеуі тиіс

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Конституцияның 30 жылдығына орай  заңсыз ау аулағаны және өлген киіктердің мүйізін жинағаны үшін сотталған азаматтар да ілігеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Абзал Құспан 2019 жылы экологиялық қылмыстардың жазасы күшейтілген кезеңнен бастап 800-дей адам сотталғанын, соның 180-дейі қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырғанын айтты.

Екі апта бұрын біз қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы заңның аясында Қылмыстық кодекске тиісті өзгерістер мен түзетулер енгіздік. Соның ішінде 339-бапты бірінші ескертпемен бөлек шығардық. Соның ішіне қолына қару алып, киік атпаған немесе заңсыз балық ауламаған азаматтар 339-баптың бірінші ескертпесі аясында қаралады. Бұл бұрын сотталып кеткен азаматтарға қолданылады. Өйткені Қылмыстық кодекстің алтыншы бабына сәйкес, заңның жеңілдетуге қатысты кері күші болады. Яғни өзі тікелей заңсыз киікті атпаған, қолына қару ұстамаған, болмаса балық аулаумен айналыспаған азаматтардың жазасы жеңілдейді. Тек жинаумен, сатумен, тасымалдау және сақтаумен айналысқан деген әрекеттер үшін бөлек жауапкершілік қарастырылды, - дейді Абзал Құспан.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев рақымшылық шарасы сотталған адамның материалдық берешегіне әсер етпейтінін айтты. Яғни түрмеден босағанымен, келтірген зиянын мемлекетке қайтаруы тиіс.