«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бекежан Жакеевтің жалпы жұмыс өтілі - 22 жыл. 

igtipc.org

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жакеев тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін ол «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бекежан Искандарұлының құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық тәжірибесі бар. Ол банк және заң салаларында басқарушылық қызметтер атқарған. Бұған дейін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-тың басқарма төрағасының орынбасары болды, - делінген «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазпоштаның» бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова 8 маусым күні президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.