Перизат Қайраттың ісі не болып жатыр – Шындалиев жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Бас прокуратура  тарапына бұл бағыттағы сот ісінде ешқандай өтінішхат әлі түспеген

Сурет: ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Перизат Қайратқа қатысты істің қазіргі мән-жайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Заңнамаға сәйкес, материалдармен толық танысып болған соң, үш күннің ішінде өтінішхат беруге құқылы. Қазіргі уақытта ешқандай өтінішхат түскен жоқ”, — деді Шындалиев.