Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

6 шілде - Астана күні. 

Pixabay.com

Қазақстанда шілдеде Астана күні атап өтіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл күн ресми мереке және демалыс күні болып саналады. Биыл ол жексенбіге тура келеді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, егер мереке күнi демалыс күнiмен сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Яғни бұл жағдайда – дүйсенбі, 7 шілде.

Осыған сәйкес, қазақстандықтар былай демалады:

Бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн: 5, 6, 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

Алты күндік жұмыс аптасында қатарынан екі күн: 6 және 7 шілде (жексенбі, дүйсенбі).

Шілде айындағы жұмыс және демалыс күндері:

Бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні;

Алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні.

Астана күні елорда мәртебесі 1998 жылы берілгеннен бастап тойланып келеді. 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.