«Миллиондаған әйелдің арманы осындай еркек!»: психологтың ер азаматтарға айтқан үш кеңесі

Әдлет Нұран

Ержан Мырзабаев еркектің беделін көтерін үш қасиетті атады

Сурет: .instagram.com/NSSTUDIOKZ

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев ер адамның әйелінің алдында сыйлы болуы үшін қандай қасиетке ие болуы керегін нақты үш ұстаныммен түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Психологтың пайымынша, қазіргі заманда ер адамға «красавчик» атану үшін міндетті түрде бай немесе тым күшті болудың қажеті жоқ. Керісінше, қарапайым, бірақ өмірлік маңызды үш қасиет жеткілікті.

1. Жауапкершілік
«Отбасындағы бүкіл мәселеге ер адам жауапты болуы керек. «Мен жүргіземін, мен істеймін, мен басқаруым керек» деген сана болу қажет. Әйелі шаршағанда, ер азамат еш ренжімей жауапкершілікті өз мойнына алып кете алуы тиіс», – дейді психолог.

2. Батылдық
«Әйел затына батыл еркектер ұнайды. Ер азамат қажет жерде ата-анасына ойын ашық айта алуы керек, қажет болса, әйелін қорғай алуы қажет. Тіпті көшедегі қауіптен де араша бола алатын еркек әйел көзіне ерекше көрінеді», – дейді Ержан Мырзабаев.

3. Жомарттық
«Бұл – әйелдің табиғатында бар нәрсеге жауап. Әйел адам жомарт еркекті әрдайым жақсы көреді. Ал сараңдық – ер адамның әйел алдындағы беделін бірден түсіріп жібереді», – дейді ол.

Мырзабаевтың пікірінше, ер азамат әйелге өз құндылығын дәлелдеу үшін көп ақша табуы, мықты болуы, тіпті ұрып-соғуға баруы міндетті емес.

«Қарапайым осы үш қасиет – жауапкершілік, батылдық және жомарттық – сізді әйеліңіздің жанында құрметті етеді. Ер адам ештеңеге міндетті емес, әйел де міндетті емес. Бірақ егер екі адам отбасы боламыз десе, екі тараптан да шынайы талпыныс болмаса – бәрі бекер», – дейді психолог.