Ол Қазақстандағы интернет сапасына көңілі толатынын айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметтің кулуарында еліміздегі интернет сапасы жайлы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол Қазақстандағы интернет сапасына көңілі толатынын айтты.
“Статистика бойынша, Қазақстан интернет ақысы бойынша соңғы орындарда тұр. Сапа жағынан да көштің артында емеспіз, ортасындамыз. Менің интернеттің сапасына көңілім толады. Әртүрлі мемлекеттерге барғанда, ол жақтағы интернет сапасын байқаймын. Мен елімізде интернеттің бағасы қолжетімді деп есептеймін”, – деп жауап берді ол.
Сонымен бірге, министр елдегі интернет бағасы нарыққа тікелей байланысты екенін, ведомство тарифты реттемейтінін айтты.