Биыл ораза қашан басталады

Qaz365.kz редакциясы

Ғылыми зерттеулер нәтижесі

көрнекі сурет

Ораза биыл 23 наурызда басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық.

Алла қаласа, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі», -деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.