Бишімбаевтың бауыры рақымшылыққа ілігуі мүмкін: ІІМ басшысы пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл мәселемен сот органдары айналысатынын алға тартты. 

Жоғарғы сот//YouTube

2025 жылғы 18 маусымда ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қуандық Бишімбаевтың бауыры – Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұл мәселемен сот органдары айналысады.

Әзірге Бишімбаевтың бауырына қатысты материалдар бізге түскен жоқ. Егер ол босатылуға өтініш берсе, әрине, оны қарастырамыз, – деді Ержан Сәденов.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені хабарланған болатын. Амнистияға байланысты оның жазасы үштен бірге қысқаруы ықтимал. Бұл шамамен сегіз айға қысқаруды білдіреді.