Жазғы демалыста жасөспірім балаларға қандай және қанша сағат жұмыс істеуіне болады

Nur-Altay Umirzak

Жасөспіріммен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісіміе қажет

Сурет: istockphoto.com

Жазғы демалыс кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім балаларға қанша сағат жұмыс істеуге болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz
 
Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің жұмыс істеуіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
 
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

  • 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
  • 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу – аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.

Жасөспіріммен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.
 
Кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

  •   түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін);
  • үстеме жұмыс;
  •  вахталық жұмыс;
  • қоса атқарылатын жұмыс;
  • жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.

Комитеттің хабарлауынша, балалар еңбегін заңсыз пайдаланатын және оларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тартатын жұмыс берушілер жазаланады.